Skip to content

Емхана тарихы


Қазіргі уақытта №1 қалалық емхана (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны) Маресьев көшесі, 1Б мекенжайында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік басым жобасы аясында салынған заманауи үш қабатты жаңа ғимаратта орналасқан.

Ол ересектер мен балаларға арналған емханалар, сондай-ақ әйелдер денсаулығын сақтау орталығы орналасқан үш ғимараттан тұрады.
Мекеме 84 233 адамға, оның ішінде 62 752 ересекке, 19 623 балаға және 34 889 әйелге қызмет көрсетеді.

Дәрігерлік амбулатория алғашқы медициналық-санитарлық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекті, стационарды алмастыратын көмекті көрсетеді.

Дәрігерлік амбулаторияда 138 дәрігер және 227 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Қызметкерлердің жартысынан көбі кәсіби біліктілік санаттары бар жоғары білікті мамандар. Үш дәрігер «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болса, тағы үшеуі медальдармен марапатталды.

Біздің ұжым құрамында А.К. Уразова, К.М. Кенбаева, Р.И. Асқарова, Н.М. Мельникова, Ж.Т. Асауова, М.Н. Есеркепова, Т.П. Кондратко, Н.В. Худяева және Р.О. Мұхитова сияқты, өз өмірлерін халық денсаулығын сақтау ісіне арнаған ардагерлер бар.